«Алтын белгi» иегерлерiн марапаттады Избранное

Пятница, 24 Июнь 2016 05:19 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 3499 раз

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б. Атамқұлов ҰБТ барысында жоғары нәтиже көрсеткен «Алтын белгі»  иегерлерін салтанатты түрде марапаттады.

13445751 1099436143436408 7297492024731953916 n

Кеш барысында өңір басшысы түлектерге: «Бұл қуаныш – 11 жылғы үздіксіз еңбектің жеңісі. Тәжірибелі ұстаздардың еңбегі және ата-аналардың ақ тілегі. Сіздердің биылғы жеңістеріңіз Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Сол Тәуелсіздігіміздің тірегі, егемен елдің ертеңі ретінде Сіздерге, болашақта мәңгілік елдің бір кірпіші болып қалануларыңызға шын жүректен тілектеспін», – деген жүрекжарды лебізін білдірді.
Айта кетейік, биыл облысымызда 31 288 оқушы мектеп бітірді. Оның ішінде 19 798 түлек Ұлттық Біріңғай тест тапсыруға өтініш беріп, 19 691-і тестке қатысты. Түлектердің сынақта жинаған орташа көрсеткіші – 77,96 балды құрады. Сынақ нәтижесі бойынша өңірдегі 6 түлек 125 балл жинаса, 124 балл жинаған оқушылар саны 18-ге жеткен. Оның 11-і Шымкент қаласынан, тағы төрт оқушы Арыс қаласынан, ал Ордабасыдан – 2, Мақтааралдан 1 оқушы бар. 36 оқушы Білім және ғылым министірлігінің бұйрығымен халықаралық олимпиада және ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздары ретінде ҰБТ тапсырудан босатылған. Ал 3 438 оқушы 100 балдан жоғары жинап, алтын белгіге үміткер 1 439 оқушының 581-і сенімді ақтаған.

Назерке ҒАЙБУЛЛАЕВА,
Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің студенті

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.