ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ КІТАПХАНАҒА – 10 ЖЫЛ Избранное

Пятница, 11 Октябрь 2024 07:33 Автор  Опубликовано в Білім Прочитано 1015 раз

Қаламыздағы киелі шаңырақ – Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасына 10 жыл толу мерейтойы аталып өтті. Атаулы күннің құрметіне Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының қолдауымен «Кітапхана – өркениет мұрасы» атты ғылыми республикалық конференция ұйымдастырылды.

 kitaphana

Жиынның мақсаты – кітапхана мен кітапханашылардың қоғамдағы маңызы мен рөлін, ғылым мен білімге, руханият пен мәдениетке қосып жүрген үлесін айқындау, кітапхана ісі саласын дамыту мен өркендету. Сондай-ақ, осы іс-шара арқылы оқырмандарды кітапханаға тарту және «Оқитын ұлт» жобасын іске асыру да көзделіп отыр.
Конференция Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбектің алғы сөзімен бастау алды. Жиынға қаладағы кітапхана басшылары, Оңтүстік өңірінің ақын-жазушылары, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің тарихшылары қатысып, Әл-Фарабидің жаратылыстану және музыка саласындағы еңбектері жайлы қызықты мәліметтермен бөлісіп, фарабитану ғылымындағы өзекті мәселелерді қозғады.
Әрі қарай елімізге белгілі ғалымдар мен профессорлар, Астана мен Алматы қалаларындағы Ұлттық кітапхана басшылары сөз алып, баяндама оқыды. Конференцияның екінші бөлімі Әл-Фараби кітапханасының 10 жылдық мерейтойына дайындаған әдеби-сазды кешке ұласты.
Мерейтойдың соңында қонақтармен бірге Түркістан облысы, Отырар ауданындағы «Руханият – Әбу Насыр әл-Фараби» музейіне саяхат жасауға көзделген.

Эльмира СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.